Подписка на почту  

  Свежие статьи на почту!

Впишите свой E-mail здесь! 

   

Страны  

 
   
 
 HotLog
   

   

Мы на Facebook  

   
   

Мы в Контакте  

   

Мы на Mail.ru  

   

Рейтинг:  5 / 5

Звезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активнаЗвезда активна
 

Православие в Казахстане Молитвы к Богу православных христиан
Молитвы Утренние

 

Православия христандарының Құдайға (айтатын) тіленіштері

Таң ертеңгілік тіленіштер
Во имя Отца, и Сына, и Святого Духа. Аминь.
Әкенің, және Ұлдың, және Киелі Тынның атынан. Аминь.

Молитва мытаря
Салықшының (күнәлінің) тілегі
Құдайым мейірімді бола гөр маған күнәліге.
(Тәжім)


Молитва предначинательная
Бастапқы тілек
Господи Иисусе Христе, Сыне Божий, по молитвам Пречистой Твоей Матери и всех святых, помилуй нас. Аминь.
Ием Иисус Христос Құдай Ұлы Сенің Анаңның және киелілердің тілегтерімен бізді жарылқай гөр. Аминь.

Даңқ Саған Құдайымыз біздің, Даңқ Саған.


Молитва Святому Духу
Киелі Тынға тілек
Патшасы Аспанның, Жұбатушы, Шындық Тыны, әр жерде бар және баршаны Толтырушы, ізгілердің Асылы және өмір Беруші, келіп жүрегімізге орналас, әр түрлі жамандықтан бізді тазарт және құтқар, Ізгі Құдайымыз, жандарырымызды біздің.

Трисвятое
Үшқасиетті
Киелі Құдай, Киелі Күшті, Киелі Өлімсіз бізді жарылқа (үш рет оқылады)

Құдай (ым) жарылқа (үш рет оқылады)

Молитва Господня
Құдай Иеміздің тіленіші
Аспандаға Әкеміз! Сенің атың киеліне берсін; Сенің Патшалығың келсін; Сенің еркің жер бетінде аспандағындай орнасын. Күнделікті нанымызды бізге әрдайым бере гөр және бізге қарыздар болғандарды кешіргеніміздей, біздіңде қарыздарымды кешіре гөр; азғыруымызға жол бермей, азғыртушыдан (әзәзілдан) сақтай гөр.
Господи, помилуй (12 раз)
Құдай (ым) жарылқа
(12-кі рет оқылады)


Псалом - 50, покаянный
50-ші псалом, өкінулі
Мейірім көрсете, кешір мені Құдай Ием, аса Сенің мейіріміңе бола және көптеген жомартығыңа бола менің жаңсыздықтарымды тазарт. Ең алдымен менің жаңсыздықтарымды жуып, күнәләрімді тазарт. Өйткені мен жаңсыздықтарымды білемін және күнәларым менің алдымда тұр. Саған, Бір Құдайға күнәләндім және сенің алдыңда жамандық істедім, сондықтан Сен үкіміңде оңшылсың және сотыңда жеңіп шығасың. Заңсыздықта құрсаландым мен және күнәләрінде мені туды анам менің. Шындықты сүйетініңді білемін мен және асыл құпияның даналығын Сен маған аштың. Иссопен мені бүркітесің, сонда, қардан ақ боламын. Маған қуанышпен шаттық естітерсің, сонда, кішіпейілділердің сүйектері қуанышқа толады. Күнәләрімнен менің бетіңді қайтара гөр және бар жаңсыздықтарымды менің тазарт. Жүрегімді менің тазарт Құдай Ием және шындық тынын қайта маған тудыр. Мені жүзіңнен Сенің қайтарма және Киелі Тыныңды Сенің меннен тартып алма.
Құтқарылуыңның қуанышын маған бер және Құдіретті Тыныңмен мені нығайт. Заңсыздықтарды Сенің жолыңа үйретейін, сонда, арам өтірікшілер Саған беттерін бұрады. Қантөгістен мені босат, Құдайым, Құдайым, Құтқарушым менің, сонда, қуанышта менің тілім Сенің шындығыңды мадақтайды. Құдай Ием аузымды менің аш, сонда, аузым менің Саған мақтаныш айтады. Егер Сен құрбандық тілегің келсе, мен әкелер едім, бірақ Сен бәрін жағуға ізгілік етпейсің. Құдайға деген құрбандық бар жан-тәніңмен және адал жүректі кішіпейілдік – Құдай кемсітпейді.
Көрсет рақымыңды Құдай Ием Сионға, Иерусалим қабырғалары тұрғызылсын. Сонда шындық құрбандығына ізгілік етесің, көкке көтеруге және бәрін жағуға, сонда Сенің алтарыңа құрбандық таналарын қойады.

Символ Веры
Сенім символы
Нанамын, Бір Дүние ұстайтұғын Жалғыз Құдай Әкеге, аспан мен жерді, көзге көрінетін және көрінбейтінді Жаратушыға; және Бір Ие Иисус Христос Құдай Ұлына, (Әкеден) Біртуған, барлық ғасырдан ілгері Әкеден туған; Жарықтан Жарық, шын Құдайдан шын Құдай, туылған, жаратылмаған, Әкемен бір мәністі, барлық нәрсе Ол арқылы пайда болған. Біздер адамдар үшін және біздің құтқарылуымыз үшін аспаннан (түсіп) келген, Киелі Тыннан және Мәриам Қыздан денеленіп адам болған. Біздер үшін Понтий Пилат уақытында Айқыш ағашқа керіліп шегеленіп, азапқа берілген, кәбірге салынған, үшінші күні Киелі жазбаларда (пайғамбарлар арқылы) айтылғандай тіріліп тұрған. Аспанға көтеріліп (Құдай) Әкенің оң жағында отыр. Тірілермен өлгендерді тағайындау үшін даңқымен қайта келетұғын, Оның Патшалығы шексіз болады; және Өмір беруші Киелі Тын Құдайға, Әкеден шығатұғын, Әке және Ұлмен бірге табындасатұғын және бірге даңқталатын, пайғамбарларды сөйлеткен. Жалғыз Киелі Әлембіріктіретін және Апостолдық Шіркеуге; күнәнарды кешіру үшін бір шомылдыруды куәләндіремін, өлгендердің тағайындау күнінде тіріліп тұратынын және болашақтағы өмірді үміттене күтемін. Аминь.

Молитва 1-я Святого Макария Великого
1-ші тілек Киелі Ұлы Макаридікі
Құдайым, тазарт мені күнәліні, өйткені мен Сенің алдыңда ешқандай жақсылық істемедім; бірақ мені сақта әзәзілден, және менде Сенің еркің болсын, құнсыз аузымды айыпсыз ашып, Сенің киелі атыңды мадақтайын, Әкенің, және Ұлдың, және Киелі Тынның, кәзірде, және әр қашанда, және ғасырдан ғасырға. Аминь.


Молитва 2-я того же святого
2-ші тілек сол киелінікі
Түн ортасында ұйқыдан тұрып ән айтам Саған Құтқарушым, және табаныңа жығылып, шақырамын Сені; күнәлік өліміне ұйықтатпа мені, бірақ аяушылық көрсет маған, Өз еркіңмен креске керілген, және қамсыз жатқанды көтеруге асық, және құтқар мені, Сенің алдыңда тіленіште тұрғанды; түнгі үйқыдан кейін жібер маған ашық және күнәсіз күнді, Христос Құдайым, және құтқар мені.

Молитва 3-я того же святого
3-ші тілек сол киелінікі
Саған Дүниеұстаушы Адамсүйгішке, ұйқыдан тұрып асыға ұмтыламын (көмек сұраймын), және Сен құптайтын істерді қолға аламын мейірімділігіңмен Сенің және тіленішемін Саған: көмектес маған қай уақытта болса да, және бар әрекеттерде де, және сақта мені дүниенің жаман істерінен, және шайтанның іс әрекеттерінен, және құтқар мені, және бағытта мені мәңгі Сенің Патшалығыңа. Өйткені Сен менің Жаратушымсың, бар игіліктің Көзқайнарысың және Берушісісің; Саған менің бар үмітім, және Саған мақтаныш айтамын, кәзір де, және әр қашанда, және ғасырдан ғасырға. Аминь.


Молитвенное призывание святого, имя которого носишь
Атынан аталынған киеліңе тіленіш
Маған деген тіленішіңді айт Құдайға киелі тақуа (аты), өйткені мен сеннен асыға көмек сұраймын, жәрдем көмекшіме және жанымның құтқаруының тіленішісіне.


Песнь Пресвятой Богородице
Ең Киелі Құдай Ұлын Туған Анаға ән
Құдай Ұлын Туған Қыз, қуанабер, Дәулетті Мариям, Құдай Сенімен; әйелдер арасында Сен бата алдың және Сеннен Туғанда баталанған, өйткені жанымыздың құтқарушысын тудың. 


Тропарь Кресту
Крестке тропарь
Сақта Құдай Ием адамдарыңды Сенің және мұралығыңа батаңды бер, Православия христиандарына жауларын жеңуге көмегіңді бер және Кресіңнің күшімен киелі Шіркеуіңді сақта. 


Молитва о живых
Тірілер үшін тіленіш
Сақта Құдай Ием және рақымдық ет менің рухани әкемді (аты), ата-анамды менің (аттары), туыстарымды менің (аттары), басқарушылыларымды, ақыл берушілерімді, көмек көрсетушілерімді (аттары) және барлық православия христиандарды. 


Молитва о усопших
Қайтыс болғандар үшін тіленіш
Тыныштандыр Құдай Ием, жандарын қайтыс болғандардың, құлдарыңды Сенің: ата аналарымды, туыс таныстарымды, көмек көрсетушілерімді (аттары), және барлық православиялық христиандарды; олардың бар күнәларын кешіре гөр, өз еркімен әлде өз еркісіз істелген және Аспан Патшалығын бер.


Окончание молитв
Достойно есть...
(Мүліксіз) шын мәнінде даңқтау Саған Құдай Ұлын Туған Ана, әрқашанда жанатты және ең таза Анасы Құдайымыздың біздің. Сен шын мәнінде Херувимдерден аса құрметтісің және Өзіңнің даңқыңмен Серафимдерден теңгесіз жоғарысың, Сен қиналмай Құдай Ұлын тудың және Сені шын Құдай Ұлын туған Ананы мадақтаймыз.
Господи, Иисусе Христе, Сыне Божий, молитв ради Пречистыя Твоея Матере, преподобных и богоносных отец наших и всех святых помилуй нас. Аминь.
Ием Иисус Христос, Құдай Ұлы, Сенің Ең Таза Анаңның, преподобный және богоносный әкелеріміздің және барлық киелілердің тіленіштеріне бола мейірім көрсете, кешір бізді.

Молитвы перед сном

Ұйықтардың алдында айтатын тіленіштер
Молитва первая, святого Макария Великого, к Богу Отцу

Бірінші тіленіш, киелі Ұлы Макарийдің Құдай Әкеге
Мәңгі Құдай және бар жаратылғанның Патшасы, осы уақытқа мені жеткізген, менің күнәларымды кешір, оларды мен осы күні, ісімен, сөзіммен және ойларыммен істедім, және тазарт Құдай Ием, менің жаралы жанымды әр түрлі жан-тәннің кірлігінен. Және бер маған Құдай Ием осы түнді тыныштықта өткізуді, күйкі жатқан орнымнан тұрып, жарамсақтанайын мен Сенің ең киелі атыңа өмірімнің барлық күндерінде және маған шабуыл жасаған денелі және денесіз жауларымды жеңейін. Және сақта мені Құдай Ием, түпсіз бос ойлардан, мені арамдататын, және жаман тілектерден. Өйткені Сенің Патшалағың, және құдіретің, және даңқың бар, Әкенің, және Ұлдың, және Киелі Тынның, кәзірде, және әрқашанда, және ғасырдан ғасырға. Аминь.


Молитва вторая, святого Антиоха, ко Господу нашему Иисусу Христу

2-ші тілек киелі Антиохтікі Құдай Иеміз Иисус Христосқа


Әлемұстаушы, Әке Сөзі Иисус Христос, Өзің толықты бола тұра, үлкен мейірімділігіңе бола, ешқашанда мені жалғыз қалдырма құлыңды Сенің, бірақ әр қашанда менімен бол. Иисус, қайырымды Бағушы қойларыңды Сенің, мені жыланның бүлікшілігіне берме және сайтанның еркіне қалдырма, өйткені өлім тұқымы менде бар. Бірақ Сен Құдай Ием, Саған сиынып табынады, Киелі Патша, Иисус Христос, ұйқы кезінде мені сақта сөнбейтін жарығыңмен, оқушыларыңды жарықтандырған Киелі Сенің Тыныңмен. Бер Құдай Ием маған да тұрақсыз құлыңа Сенің сақтанышыңды жатқан жеріме менің: жарықтандыр ойымды менің Евангелиеңнің жарығының түсінігімен, жанымды – Кресіңнің Сенің махаббатымен, жүрегімді – іліміңнің Сенің тазалығымен, тәнімді менің – Сенің қайғы-қасіреттігіңмен әуесқойлыққа жат, ойымды менің Сенің кішіпейілдігіңмен сақта; және керекті уақытта орнымнан көтер мені, Сені даңқтатуға. Өйткені Саған аса жоғары дәреже де даңқ басталмаған Сенің Әкеңмен және Ең Киелі Тыныңмен ғасырдан ғасырға. Аминь.

Молитва третья, ко Пресвятому Духу
3-ші тілек Киелі Тынға


Құдай Ием, Аспан Патшасы, Жұбатушы, Шындық Тыны қайырлы және мейірімді бола, кешір мені күнәлы құлыңды Сенің, және ақта, және кешір мені көңіл бөлуге тұрмайтынды, бар менің бүгінгі Сенің алдыңда адам болып істеген күнәләрімді және одан аса, адам сияқты емес, бірақ хайуаннан арта өз еркіммен істеген менің күнәләрімді және байқаусызда, саналы және санасыз, жас шағымда жамандыққа дағдалылығымнан, және ұятсыздығымнан, және бейбарақатығымнан істеген күнәләрімді. Егер Сенің атыңнан ант алсам, әлде Сеніің атыңды жамандасам ойыммен менің, мүмкін, біреуді жараптаған шығармын, мүмкін, ашулы кезімде біреуге жала жапқан шығармын, мүмкін, біреуді қапаландырған шығармын, мүмкін, бір нәрседен ашуланған шығармын; әлде, өтірік сөз айтқан шығармын, әлде, уақытсыз кезде ұйықтаған шығармын, мүмкін, маған келген кедей бейшараға сүйіспеулік істеген шығармын; әлде, жақынымды менің қапаландырған шығармын, мүмкін, ұрысты еліктірген шығармын, мүмкін, біреуді кінәлаған шығармын, әлде, аса мақтанған шығармын, әлде, тәкаппарланған шығармын, әлде, ызаланған шығармын; әлде, тіленіште тұрған кезімде, ойымды бұл дүниенің қызығына еліктерген шығармын, әлде, кір ойлар болған шығар, әлде, артық тамақ жеген шығармын, әлде, артық ішкен шығармын, әлде, себепсіз күлген шығармын; әлде, жамандық ойлаған шығармын, мүмкім, біреудің сұлулығын көріп, еліге қызыққан шығармын; әлде, әдепсіз сөз айтқан шығармын, әлде, жақынымның күнәсіне күлген шығармын – менің күнәларым сансыз; әлде, тіленішке қамсыз болған шығармын, әлде, тағы басқа жамандық істеп, ұмытып кеткен шығармын, мүмкін мұның бәрін және бұдан да артық көп күнә істеген шығармын. Кешіре гөр мені Жаратушым менің және Әмірші, қайғы басқан және түкке тұрмайтын құлыңды Сенің, және кешір ол күнәларымды менің, және ақта, және кешір мені Игілікті және Адамсүйгіш бола тұра, мен адасқан, күнәлі және сорлы, тыныштықпен жатып, ұйықтап, демалу үшін, және табынайын, және ән айтайын, және даңқтатайын ең таза атыңды Сенің Әкеңмен және Біртуған Оның Ұлымен, кәзір де, және әр қашан да, және ғасырдан ғасырға. Аминь.

Надежда моя - Отец, прибежище мое - Сын, покров мой - Дух Святой: Троица Святая, слава Тебе.

Үмітім менің Әке, тірегім менің Ұл, жамылғым менің Киелі Тын: Киелі Үшім даңқ Саған.


Молитва Честному Кресту:

Адал Крестке тіленіш


Өлімнен тірілсін Құдай, сонда, Оның дұшпандары жан-жақа шашырап қашсын. Жоғалған түтіндей, оларда жоғалсын; оттың жүзінен еріген балауыздай, жын-перілер Құдай Иені сүйетіндердің алдында өлімге ұшырасын және өздеріне крест белгісін салып, қуаныш пен қатты дайыстап былай – деп айтқандарды: қуана бер аса құрметті және Өмірберуші Құдай Иенің Кресі, жын-перілерді қуушы, сенің креске керілген күшімен, біздің Құдай Иеміз Иисус Христостың тозаққа түсіп, шайтанның күшін жеңгенге және бізге, саған Өзінің даңқты Кресін бар жауларымызды қуу үшін бергенге. О, аса құрметті және Өмір Беруші Құдай Иеміздің Кресі, көмектес маған Киелі Ханым Құдай Ұлын Туған Қыз Анамен және барлық киелілермен бірге ғасырдан ғасырға. Аминь.


Или кратко:
Әлде қысқаша:
Сақта мені Құдай Ием, Даңқты және Өмір Беруші Сенің Кресіңнің күшімен, және сақтандыр мені әртүрлі жамандықтан.
Когда отходишь ко сну, произноси:
Ұйқыға кетердің алдында, былай деп айт:
Қолыңа Сенің Құдай Ием, жанымды менің тапсырамын, Сен маған батаңды бер, Сен маған мейірім көрсетіп, күнәмді кешір және мәңгі өмір бер. Аминь. 


Желающему Причаститься

Құдай Иеміздің Тәніні мен Қанын қабыл алғысы келгендерге.

Құдай Иеміздің Тәні мен Қанын қабыл алғысы келгенге, ең алдымен бұл Киелі Сыр Құпияға, тұрақты дайындалуы қажет. Дайындалу (Шіркеу іс-тәжірбиесінде ауыз бекіту, ораза ұстау – деп аталады) бірнеше күнге созылып, әр адамның тәндік және рухани өмірлік күндігіне жатады. Тәнге ұстамдылық ұйғарым, мысалы: тәнді таза ұстау және асқа деген ұстамдылық ораза. Ораза күндері етпен жасалған тағамдарға тиым салынады, оған кіретіндер: ет, сүт, жұмыртқа, ал қатаң ораза күндері, балық. Нан көк-өніс, жеміс-жидек ұстамды мөлшерде желінеді. Ақыл-ой күнделікті ұсақ-түйекті заттармен жайбарақаттанып, ермек етпеуі қажет.
Дайындық күндері Құдайға қызметтік көрсету үшін, егер жағдай мүмкіндік берсе, храмға келіп тұру қажет және бар ынтамен үй тішеніші ережесін орындау керек: егер кімде кім, таң ертеңгілік және ұйқының алдында оқитын тіленіштерді түгелдей оғымаса, бәрін түгелдей оқысын. Егер кімде кім канон оқымаса, бұл дайындық күндері бір канон болса да оқысын. Құдай Иеміздің Тәні Мен Қанын қабыл алар күннен бір күн бұрын кешке Құдай қызметінде болып, үйде ұйқының алдында оқылатын тіленіштен басқа, өтініш канонын, Құдай Ұлын Туған Анаға канон және Сақтандырушы Періштеңе канон оқу керек.
Одан басқа Құдай Иенің Тәні мен Қанын қабыл алу каноны оқылады. Түн ортанынан кейін ас желілбейді және ештеңке ішілмейді, өйткені Құдай Иенің Тәні мен Қанын қабыл алу Сыр Құпиясына аш қарынмен келіп қабыл алу жанға жайлы. Таң ертең, таңғы тіленіштер және бар Киелі Құдай Иенің Тәні мен Қанын қабыл алу реттілігі оқылады, бір күн бұрын оқылған каноннан басқа.
Құдай Иенің Тәні мен Қанын қабыл алу алдында – кешке қарай, әлде таң ертең литургияның алдында, священникке күнәларыңды куәләндіру қажет.


Избранные молитвы перед Причастием

Құдай Иеміздің Тәні мен Қанын қабыл алардың алдында оқылатын таңдамалы тіленіштер
Әміршіміздің Тәнін жегісі келген адам баласы, күйіп қалмау үшін, аса қадіріңмен кел, өйткені бұл от./ Құдайымыздың Қанына қатысты болу үшін ішкен кезіңде, / басымен сені ренжіткендермен татулас. / Одан кейін құпиялы асты өжеттене же. Үрейлі қорқынышты құрбандық, Құдай Иеміздің Тәні мен Қанын жеуге келер алдында, Өмір беруші Әміршіміздің Тәніне, / аса қорқынышты қадіріңмен былай деп тіленіш айт:

Әлем Ұстаушы, Ием Иисус Христос, Құдайымыз біздің, өмір мен өлімсіздің көзқайнары, барлық көзге көрінетін мен көрінбейтіннің Жаратушысы, басталмаған Әкенің Ұлы, Өзі де мәңгі және басталмаған, көптеген аса игілігімен соңғы күндері денеленіп, және крестке шегеленген, және қабірленген, біз үшін, рақыметі жоқ және ақылы жоқтарға, және Өзінің Қанымен біздің күнәмен бұзылған табиғатымызды қалпына келтірген! Сен Өзің өлімсіз Патша, менің өтінішімді күнәһардың қабыл ал және құлағыңды түріп, менің сөзімді есті. Өйткені мен күнәләндім Құдайым, күнәләндім аспанға қарсы, және Сенің алдыңда, және Сенің даңқыңның жоғарлығына қарауға тұрақсызбын: өйткені мен Сенің игілігіңнің ашуын шақырдым, Сенің өсиетеріңді бұзып, жарлықтарыңды орындамадым. Бірақ Сен, Құдай Ием, кексіз, көп шыдамды және көп мейірімді, менің жаңдыздықтарымның арасында, менің қайта келуімді шыдай күтіп, өлімге мені бермедің. Өйтені Сен адамсүйгіш, пайғамбар арқылы айтқансың: «Мен күнәлінің өлімін қаламаймын, бірақ ол түзеліп өмір сүрсін». Сен, Әміршім, қолыңның жаратқанының өлімін қаламай, адамдардың құрығанынан рахат таппайсың, бірақ бәрінің құтқарылып, шындық ілімін тапқанын қалайсың. Сондықтан мен де аспан мен жерге және осы уақыттағы өмірге тұрғысыз бола тұра, өзімді күнәға бағыттырып, және рақаттықтарға қанағатандырыла, өзіме Сенің бейнеңді түнерттім, бірақ, Сенің жаратылғаның бола тұра, өзімнің құтқаруылуымның үмітін үзбеймін мен сорлы, және Сенің шексіз мейіріміңе бола, өжеттене келемін. Мені де қабыл ал Адамсүйгіш Құдай Ием, зинақар жүргіш әйелді, қарақшыны, салықшыны және адасып келген баланы қабыл алғаныңдай, меннен ауыр күнәләрді шеш, дүниенің күнәсін көтеруші және адамдардың әлсіздігін сауықтырушы, еңбек етушілер мен қиыншылыққа түскендерді Өзіне шақырушы және оларға тыныштық беруші, таупықтыларды шақыруға емес, күнәлілерді өкінішке шақыруға келген, мені әр-түрлі жан мен тәннің кірлігінен тазартып, мені Сенің алдыңда күнәсіз таза өмір сүруді үйрет, мен ар-ұжданымның таза куәлігімен Сенің святыняңның бөлігін қабыл ала, Сенің киелі Тәнің мен Қаныңа қосылып, Сені өзіме Әкеңмен және киелі Тыныңмен мекен еткізейін. Ием, Иисус Христос Құдайым менің, Сенің ең киелі және өмір беруші Тәнің мен Қаныңды қабыл алу маған кінәлікке болмасын және жаным мен тәнім Сенің Тәнің мен Қаныңды қадір тұтпай қабыл алып, әлсіздікке ұшырамасын, бірақ бер маған демімнің соңына дейін Сенің святыняңның бөлігін күнәләнбай қабыл алуды, – Киелі Тыныңмен бірге болу үшін, мәңгі өмірге тілеулік болсын және Сенің қорқынышты сотыңда жанға жайлы жауап болсын, мен Сенің таңдамаларыңмен бірге, Сенің бүлінбейтін игіліктеріңнің қатушысы болайын, оларды Сені сүйушілерге дайындап қойғансың, Құдай Ием, олардан Сен даңқтысың ғасырдан ғасырға. Аминь.

Другая молитва

Басқа тіленіш
Білемін, Құдай Ием, Сенің ең таза Тәніңді және ең қымбат Сенің қаныңды тұрақсыз қабыл ала, кінәлімін, және ішемін өзіме кінәлікке, Сенің Тәнің мен Қаныңды байымдамай, Христос Құдайымды менің. Бірақ, Сенің адамгершілігіңе үміттене, келемін Саған, айтқанға: «Менің Тәнімді жеген және Менің Қанымды ішкен, Менде болады, ал Мен онда». Аяныш көрсет маған Құдай Ием және айыбымды ашпа мен күнәлінің, бірақ мейірімді бол маған. Бұл святыняларың маған жазылуыма, және тазаруыма, және ағаруыма, және сақталуыма, және құтқаруылуыма, және жаныммен тәнімнің тазаруылына болсын; әр-түрлі жалған ойлардың кетуіне және жаман істерден, және шайтанның, менің мүшелерімде ой арқылы байқалатын әсерлігінен; өжетілігіме және Саған деген махаббатыма, түзелуіме және өмірімнің қауіпсіздігіне, жақсылыққа өсуіме және толықты кемелділікке, өсиеттерді орындауға, Киелі Тыннмен бірге болуға, мәңгі өмірге тілеушілікке, және Сенің қорқынышты сотыңда жанға жай жауап, сотқа әлде күнәлікке емес.


Другая молитва

Басқа тіленіш
Сұрқиялы аузыздан, сорақы жүректен, лас тілден, кірленген жанымнан тілегімді қабыл ал Христос Құдайым менің, және менің сөзімнен емес, мінезімнен емес, ұятсыздығымнан емес басыңды қайтармай, қымысылып-қыстырылмай айтайын деген сөзімді айтқыз, Христос Құдайым менің, бірақ менің не істеуім, әлде не сөйлеуім керек екенін үйрет. Күнәләндім мен зинакор жүргіш әйелден арта, Сенің жүрген жеріңді сұрап біліп, мира сатып алып, Сенің аяғыңа келіп жағуға өжеттенген, Хритос Иеме менің, Әміршіме және Құдайыма менің.
Сен ол әйелден басыңды тартпадың, таза жүрегімен келген, мені де қолрық деп санама Сөз! Маған да Сенің аяғыңды ұстап сүйуіме рұқсатыңды бер, көз жасымның тасқынымен, аса қымбатты мирамен өжеттене келіп жаққандай.
Жу мені көз жасыммен менің, тазарт мені онымен, Сөз!
Босат күнәләрімнен менің және кешірім бер маған. Сен менің көптеген жарамсыз қылықтарымды білесің, жараларымды да білесің, уытты ойық жараларымды да көріп тұрсың, бірақ менің сенімімді де білесің, ынталығымды көріп тұрсың, және ыңсырағанымды естіп тұрсың. Жасырылмайды Сеннен, Құдайым менің, Жаратушым менің, Өтеушім менің, бір тамшы жаста, азғантай ғана басқа бөлікте емес. Менің аяқтамағанымды Сенің көзің байқады, ал Сенің кітапіңде әлі істелмеген жазылған. Менің кішіпейілдігіме, менің қайғы-қасіретіме қарап, мені бар күнәләрімнен босат, бүкіл әлемнің Құдайы, мен таза жүрегіммен, дірілді ойыммен және қасіретті жаныммен Сенің ең таза және ең киелі Тәнің мен Қаныңды қабыл алайын, олармен өмір беріледі және Құдайға жақын болады әркім жеген Сені және таза жүрегімен ішкен. Сен айтқансың Әміршім менің: «Менің Тәнімді жеген және Қанымды Менің ішкен әркім, Менде болады, ал Мен онымен». Толықты шындық сөзі Әміршім мен Құдайымның менің. Өйткені құдайшыл және табынарлық Сыйлықтарды қабыл алған, мен шын мәнінде жалғыз емеспін, бірақ Сеніменмін, Христос Құдайым менің, Жарықпен жарқыраған үш күндей дүниені жарқыратқан. Сондықтан, мен жалғыз қалмауым үшін, Сеннен бөлектеніп, Өмір Берушіден, демімнен менің, өмірімнен менің, дүниенің құтқаруылуы, – мен келдім Саған, Сен көріп тұрсың, көз жасыммен және қадірлі жаныммен, өтіне, кінәләрімнің өтеушілігін алу үшін және Сенің өмір беруші, бейкүнә Тайнстваңды күнәсіз қабыл алайын; Сен болғаның үшін, айтқандай, менімен үш ретті бақытсыздықты; азғызтушы, мені Сенің рахатыңнан әкетіп, алдап, Сенің бас иерлік сөздеріңнен алып кетпесін. Сондықтан мен Сенің табаныңа жығылып, ыстықты шақырамын Саған: Сен адасып келген баланы қабыл алғаныңдай және Саған келген зинақор жүргіш әйелді қабыл алғаныңдай, Мейірімді, және мені де қабыл ал, адасқанды және сұрқияны, қадірлі жүрегімен Саған енді келіп түрғанды. Білемін, Құтқарушым, ешкім Сенің алдында мен тәрізді күнә жасаған емес және мен істеген істерді (ешкім) істеген емес. Бірақ, мен тағы білемін, күнә істердің ауырлығы әлде күнәләрдің көптігі Құдайымның көп шыдамдығын және аса адамсүйгіштігін басып түспейді, бірақ мейірімді жанашырлығыңмен Сен тазартасың және ағартасың күнәләріне ыстық өкінгендерді, және жарыққа қатыстырасың, Құдайлығыңа Сенің жомартты мол қатысты қыласың оларды; және не ғажап, және Періштелерге, және адамның ойларымен – әңгімелессесің олармен көптеген рет, шын Сенің достарыңмен секілді. Бұл маған батылдық береді, бұл мені қанағатандырады, Христос Құдайым менің. Және Сенің бізге деген байлықты жақсылығыңа өжеттене үміттеніп, қуанамын және бірге қалшылдап, мен, шөп, қабыл аламын отты, және – ғажап керемет – түсіндіруге келмейтін суландырылу, көне замандағы жана тұрып, жанып кетпеген тікенді бұтадай. Енді игілікті ойыммен, ризашылық жүрегіммен, барлық ризашылық сезімдеріммен, жан-тәніммен менің, басымды иіп табынамын, және қошеметтеймін, және дәріптеймін Сені, Құдайымды менің, бата алғанды кәзірде және ғасырдан ғасырға.


Другая молитва

Басқа тіленіш
Тұрақсызбын мен, Әмірші Құдай Ием, менің жанымымның баспанасына Сенің кіруіңе. Бірақ, Сен Адамсүйгіш бола тұра, менімен болғың келеді. Мен өжеттене келемін – Сен бұйырасың, сонда мен қақпамды ашамын, оны Сен Бір Өзің жаратқансың, және Сен кіресің Өзіңе лайық адамсүйгіштігіңмен, кіріп түнерген менің санамды ағартасың. Сенің бұны істейтініңе сенемін. Өйткені Сен, Саған көз жасымен келген зинақор жүргіш әйелден жалтармадың; күнәсіне өкінген салықшыны қайтармадың; Сені, Патшаны мойындаған қарақшыны (Өзіңнен) қумадың; өз күнәсіне өкінген қуғыншыны, оның бар ісімен тастамадың. Бірақ Саған өз күнәләрін мойындап, өкіне келгендерді, Өзіңнің достарыңның қатарында орын бердің, бір Баталанған әр қашанда, кәзір де және ғасырдан ғасыр мәңгілігінде. Аминь.

Другая молитва

Басқа тіленіш
Сенің храмыңның қақпасының алдында тұра, жаман ойлар мені тастамайды. Бірақ Сен Христос Құдай, салықшыны айыпсыз деп санадың, және хананеян әйеліне рақымшылық еттің, және қарақшыға жұмақтың есігін аштың, аш маған да адамсүйгіш жүрегіңді Сенің және қабыл ал мені, келіп Саған қолымды тигізгенді (жақындасқанды), зинақор жүргіш әйелді және қансыраған әйелді қайтармағаныңдай: ол әйел Сенің киміңнің бір шетіне ғана қолын тигізіп, оңай сауықтандырылды; басқасы, Сенің ең таза аяғыңды құщақтап, өзінің кінәләріне кешірім алды. Ал мен сорлы Сенің бүкіл тәніңді қабыл алуға батылдана, жанып кетпейін, бірақ қабыл ал мені, әлгі әйелдерді қабыл алғаныңдай, және ағарт сезімдерін жанымның менің, күнәлі істерімді менің өртей, – Сені ұрықсыз Туған Ананың және Аспан күштерінің өтінішімен, – өйткені Сен баталанғансың ғасырдан ғасырға. Аминь.

Перед причастием говори в себе:

Құдай Иеміздің Тәні мен Қанын қабыл алардың алдында өзі былай деп айт:
Сенемін, Құдай Ием, және дәріптеймін, Сенің шынымен де Христос, тірі Құдайдың Ұлы күнәлілерді құтқару үшін дүниеге келгеніңді, олардың ішінде – мен біріншісімін. Тағы сенемін бұның ең таза Сенің Тәнің екенін, ал бұл Сенің ең қымбат Қаның екенін. Тіленішемін Саған: рақымшылық көрсет маған және кешір менің күнәләрімді өз еркіммен әлде өз еркімсіз, істелген сөзіммен, ісіммен, саналы күнәләрімді және байқаусызда болғандарды, және лайықтығыл мені күнәсіз Сенің ең таза Тайнстваңды қабыл алуды, күнәләрімнің кешіруіліме және мәңгі өмірге. Аминь.

Кешіңді Сенің құпиялы қатысушысы ғылып осы күні, Құдай Ұлы мені қабылда. Өйткені Сенің құпияңды мен Сенің дұшпандарыңа ашпаймын, Иуданың берген сүйгенін бермеймін. Бірақ қарақшыдай Сені дәріптеймін: «Есіңе ал мені Құдай Ием Патшалығыңда Сенің!».

После Причастия благодарим Бога:

Құдай Иеміздің Тәні мен Қанын қабыл алғаннан кейін, рахметімізді Құдайға айтамыз:
Рахметімді айтамын Саған, Ием Құдайым менің, меннен, күнәліден басыңды тартпай, Сенің Святыняңды қабыл алуды лайықтандырдың. Рахметімді айтамын Саған, мені, тұрақсызды, Сенің ең киелі аспан Сыйлығын қабыл алуды лайықтандырдың. Бірақ, Әмірші Адамсүйгіш, біз үшін өлімге беріліп, және тіріліп, және бердің бізге бұл қорқынышты және тірілтуші Сенің Таинстваңды жақсылық істерге және біздің жанымызбен тәніміздің тазаруына, болғыз олардың менің жаныммен тәнімнің жазылуына, әр-түрлі жаулардың шектендіруіне, жүрегімнің көзінің ағаруына, жанымның күшіне тыныштық, берікті сенімге, риясыз махаббатқа, даналықтың толуына, Сенің өсиеттеріңді орындау үшін, Сенің құдайлық дәулеттеріңнің көбейуіне және Сенің Патшалығыңды иеленуіне.
Бұның бәрімен Сенің Святыняңды сақтай, әрқашанда Сенің мейіріміңді есіме сақтайын, сөйтіп, өзім үшін өмір сүрмей, бірақ Сен үшін, біздің Әміршімізге және Жарылқаушымызға үшін. Сондықтан, бұл өмірден кете, мейрамшылардың таусылмайтын үні және Сенің айтыла алмайтын әдемі жүзіңді көргендердің таусылмас жанатарының мәңгілік тыныштығына жетейін.
Өйткені Сен – шын мақсатты талап және Сені сүйгендердің айтыла алмайтын қуанышысың, Христос Құдайымыз біздің, және Саған бар жаратылыс ән айтады. Аминь.

Перевод Иерея Елисея Кукеева

Добавить комментарий

Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев.

Защитный код
Обновить

   
   

Последние комментарии

  Знакомство и общение православных христиан Республики Казахстан"

 

   
© spgk.kz © 2011-2012 Союз Православных Граждан Казахстана. Официальный сайт Общественного Объединения "Союз Православных Граждан" РК. При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна!. Мнение авторов не всегда совпадают, с мнением редакции сайта. Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев (подробнее...). Редактор сайта Константин Бялыницкий-Бируля. Адрес для писем в редакцию сайта E-mail:spgk@spgk.kz