О нас  

   

Подписка на почту  

  Свежие статьи на почту!

Впишите свой E-mail здесь! 

   

Страны  

 
   
 
 HotLog
   

   

Мы на Facebook  

   
   

Мы в Контакте  

   

Мы на Mail.ru  

   

 Иерей Елисей Кукеев
Келешекте шындық үшін қанын төккен Константиннің бала шағы көптеген қиындықтарда өтті: бала кезінгдегі ауырған шағы, әке–шешесінің ажырасуы, шешесінің екінші рет күйеуге шығуы, қатыгез өге әкесі, шешесінің екінші рет ажырасуы, кедейлік, көптеген рет тұрғылықты жер ауыстыру... Мүмкін оның өміріндегі осы қайғы–қасіретке толы оқиғалар, оның жүрегіне қолайлы (топырақ) дайындағаны болар.


Көптеген тұрғылықты жер ауыстырып, ақырында Смирна қаласына келіп орналасқан Константин, базарда көк–сөк, жеміс–жидек тасушы жұмысына орналасты. Осы жұмысын атқарып, ол бірнеше рет митрополит үйіне барып тұрды. Бұл жерде ол христиандармен және христиандықпен танысты. Олардың ішінде оның достары да пайда болып, олармен әңгімелесіп, біраз грек тілін үйренді. Бір күні Константин митрополит үйіне кезекті жолығында, таныс священниктен, оған христиан кітапінің ішінен бір тақырып оқып беруін сұрады. Ол оның сұрағанын орындады. Киелі Жазбаның сөзі оның (Константиннің) жүрегіне керемет әсерін тигізіп, бұл жолы оның христиан дінін қабыл алуына, шын мәнінде бінінші емес, соңыншы түрткі қадамы болып табылды.


Мұсылманның христиан дініне өтуін айта тұра, біз бұл адамның тек әлеуметтік қана емес, біріншіден зор орасан психологиялық қиындықтарға соқтығысатынын түсінуіміз керек. «Егер мұсылман өзінің алғашқы нанымын қалдырса, бұл оның тек бар тегіне тиетін масқаралық қана емес, ең басымен оның өзінің бар жан-тәнімен сезінетін жанұясының күнделікті «біздігінен» айырылу. Бұл процесс өте терең және ұзаққа созылып, көптеген дінді жаңа қабылдағандарға жалғыздықты сезім арбауын тудырады»* . Сенімге келгендердің бұның бәрін жеңіп шығуына тек Христосқа деген адал махабат және бәрін бекіте алар Құдай Иенің береке мұраты көмектесе алады.


Константиннің өмір баянында, оның басқа дінді қабыл алғанынан кейін оның жанұясынан бөлек кеткені жайында ештеңке айтылмаған, бірақ бұл жағдай оны тұспалайды, ал оның тұтқынға алынуы, оның өзіндік ынталығысыз өзінің отбасынан кетуінің себебі болғаны көрінеді.


Киелі Константиннің өмірінің үлгісінде, Осман империясындағы әр мұсылманның христиан дініне өтуі өте қиын екені байқалады. Бұл шомылдырылғандарға тек өмім жасасы үкімі ғана емес, шомылдырған адамдарды да көптеген қырсықтарға әкеп соқтырды. Сондықтан да Смирна христиандары оның олармен таныстығына қарамастан Константинді өздері шомылдыруға батылдары жетпей, оны Афонға жібереді.


Келешекте шындық үшін қанын төгуші, Афондағы киелі Павылдың тұрақ мекеніне келіп, өзін шомылдырып христиан дініне кіргізуін сұрайды. Ол жердің қарттары өздерімен быраз ақылдасып, оны шомылдыруға батылдары жетпей, Кавсокалив скитіне жіберді. Кавсокалив қарттары оны киелі Афанасийдің лаврасына жібереді. Бірақ Лаврада да «түріктер алдында үрейлі қорқынышына бола», оны шомылдыруға батылдары жетпей, Иверия монастіріне ол жерде тыныштықта мекендеген патриарх Григорий V-ге (кейін өзі де шындық үшін қаннын төккен) жіберді. Константин святительге келіп, көз жасымен аяғыны жығылып, оны шомылдырып христиан дініне кіркізуін өтінеді. Бірақ, патриархтың өзі де тез арада келісе қоймайды. Бұл жерде жас жігітің тек адалды күдер үзер боздауы соңғы кезекте патриархтың жүрегін түртеді. Патриарх оны қайтып Кавсокалив скитіне оралып, шомылдырылуға дайындалғанын бұйырып, оны өзі біраз уақыттан кейін орындайтынын айтады, – осыған орай алдын–ала өзіне болар зардап шараларға жауапкершілік ала. 


Шомылдырылып жаңа дінде туылғаннан кейін киелі Константин қандай жағдайларды басынан өткерді? Мұсылман діні мен мәдиниетіне қалыптасқан әр адам, кейіннен Православия шындығын тауып, христиан дініне кірген, қандай сыналықты басынан өткереді? Әсіресе христиан мәдиниетінде туып өскен адамдарға, бұны түсіну өте қиын.


Константиннің бойындағы Құдайға деғен теңізге тәріздес махабатының шексіз болғаны соншалық, ол Кавсокалив скитінде тіл алушылық мақсаты кезінде, бірнеше рет Христосқа деген махабатын өз қанын төгіп көрсетуін ойлады. Бірақ бұған оның рухани әкесі карт Гавриил батасын бермеді, егер бұған Құдай Иеміздің еркі болса, Ол Өзі оның еркін орындайтынын айтып.


Біраз уақыт өткеннен кейін, киелі Константин өз пиғылымен афон қарттарынан және патриахтың батасын алып, туған қарындасын христиандыққа әкелу мақсатымен Магнисияға жөнелді. Бірақ ол қарындасын көре алмады. Жол жөнекей порттардың бірінде, оны бір ақсүйек танып біледі. Константиннің одан кейінгі тәртіп тәлімі, шындық үшін қанын төгуге дайындығы, сауықты, үлгілі христианның көзқарасы болып табылады. Ол Құдай Иені еліктіргісі келмей, өзін шындық үшін қанын төгуге ұшықтырмады және бұған мұсылмардарды да итергілемеді. Оның түрік екенін сұрап білгенінде, Константин былай – деп жауап береді;


– Жоқ, бұл кісі қателескен болар мені басқаға ұқсатып, бырақ мен таза христианмын – деп.
Бұл оқиғадан кейін Константин тез арада жақын кемеге билет сатып алады. Ол қайыққа отырып, жағадан аттанып, жүзе, кемеге жете бергенде, (осы мезетте) жағадан қайықты қайта олалтып, Константинді тұтқынға алдыруға бұйрық беріледі. Матростар берілген бұйрыққа сөзсіз бағынады. Константинді аға (сотқа) апарады. Олардың арасында келесі сұхпат болады.
Сен кімсің, бізге қай жерден келдің және сенің атың кім?
Мен алыстан келдім, Анатолияға бара жатырмын, христиан дінін құптаймын, ал менің атым – Константин.
Ал егер сенің түрік екеніңді мойындап дәлелдейтін адам табылса ше?
Бұл мүмкін болар емес, өйткені мен христианмын.

Осы сәтте Константиннің бауырының танысы, соттың ақсүйегі орнынан тұрып киелінің түрік екенін дәлелдейді. Сонда ғана Құдай Тәңірдің таңдалысы, оған Христос үшін қанын төгуге шыныменде Құдайдан үлкен жол ашылғанын түсініп, жүрегі батылдыққа толып, жүрексінбей былай деп жауап береді:
Я мен шынымен де түрікпін, бірақ мұсылмандықтың заңсыздығында көп уақыт болмадым, өйткені менім Құдай Ием Иисус Христос Өзінің үлкен мейіріміне бола мені қараңғылықтан шығарып, шындық жарығына әкелді.

Осы жай қарапайым сөздер бұл жағдайда оның өзіне өзі кесім жазуы болып табылды. Басқа дінге тиянақты кірген әр мусульман өлім жазасына айыпталды; бұл жағдайда ол өзіне-өзі дағды түрде «мюбохиддем» боп, кімде болса оны өлтіруге қақысы бар адам болып табылды. Ал-Бухари мен Муслимнің жинағында Ибн Масудтан алынған хадис келтіріледі, онда Мұхаммедтің келесі сөзін былай – деп береді: Заң бойынша әр мұсылманның қаны тек үш жағдайда ғана төгіледі: зейнетқорлық, басқа біреуді өлтірген үшін, мұсылман дінінен басын тартып, басқа дінге кіргені үшін және діни қауымынан кеткен үшін.


Константинді ұрып-соғып түрмеге қамады, ал соттаушы осы уақытта бұл жағдайды шешу үшін махсонисиский пашасын шақырды. Келген паша шындық үшін қанын төгушіге исламға қайтып оралғанын ұсынып, қайта оралар болса, оған сыйлық пен ізет құрметін көрсету уәдесін береді. Бұл ұсыныс пашаның өзіндік ұсынысы емес және де ата-бабының нанымынан тайынып, қайта оралуына бола аса жомартығы үшін емес. Бұл алдын-ала шариатта қарастырылған. Бұл тәжирбие мұсылман деректемелерінде де айтылып көрсетіледі. Константиннің өмір тарихында айтылып көрсетілген оқиғалары, Араб халифатының басында туылған процессуалдық жүйесіне дәлме-дәл сәйкестігі болды.
Константин бұл ұсыныстан басын тартып, қайта христиан дінін құптады. Бұдан кейін оны бірінші үлгі, – фаланг – деп аталатын (табанды таятпен соққылау) азабына салып, одан кейін егер бұл күткен нәтижиесін бермесе, өзін-өзі өз еркімен шақырғанды тәнкесерге берді.
Бірақ паша үлгі азабына қанғаттанбай, Константинді христиан азаптандырушы маманының қолына бергені, оның (пашаның) жауыз еркісінің себебі болып табылады. 


Сөйтіп Константинді тәнкескіштің қолына береді. Өзін өзі тәнкестік маманына таңдаған, басқа да шындық үшін қаннын төкендердің өмір баянында кездеседі, мысалы шындық үшін қанын төккен Лука Жаңаның өмір баянында.


Константиннің салынған азаптарын іштей түршікпей оқу мүмкін емес, бірақ ол одан кейін де нанымда берік тұрды. Одан кейін оны азапталынған, омырайған, ұқсыны кеткен, шынжырға құрсаланғанды пашаға әкеліп: «Енді сенің кім екеніңді айтасың ба?» – деп сұрағанда – шындық үшін қанын төгуші:
Менің қолымды шешіңдер – содан кейін менің кім екенімді көресіңдер, – деді

Қолы шешілгеннен кейін, киелі өзіне крест белгісін салып, қатты дауыстап:
Міне кіммін мен! – деді.

Осы жарқын, әсерлі, батыл әрекетте шындық үшін қаннын төгушінің бар күші тайсалмайтын еркі және Христосқа деген жалынды отты, бар жан-тәнімен берілген махабыты көрінеді.


Бұдан кейін киеліні шыбыртқылауға салып, шынжырға құрсалап, түрмеге қамайды. Осы кезде, оның өмір баянының айтуы бойынша, жергілікті Шіркеулердің бәрінде ол үшін Құдайға тіленіштенді.


Константин ісінің жауапкершілікті болғаны соншалық кидоний қаласының бастығы өзі соттауға тауқылы бармай, оны Стамбулға жібереді. Ол жерде ол быраз уақыт каторгада болады, одан кейін қайтып табанды соққыланып, азаптыққа салынып, түрмеге қамалды. Түрмеде көңіл күйін сұрап келген священник, оның шындықты куәлендірген жас жігіт екенін көріп «оның бітер соңынан қорқа», оның өмір баянында айтылғандай, оған былай дейді:


– Констнтин, сенің шындықты Иисус Христос атынан куәлендіргенің жақсы, бірақ, түріктердің жасайтын азаптары ауыр. Ойлап көр, егер сені түріктердің жасар азаптары қорқытса, біз Құдай көмегімен сені бұл жерден шығарып аламыз – деді.
Сен не айтасың рухани әке? – деді, киелі таңдана. – Қара менің денемді. Осыны айтып ол жараларын көрсетті. Оны көрген рухани әкенің денесі түршіге, жас азапталынған жігіттің ерлігіне таңданды.


Қара әке! – деп оған шындық үшін қаннын төккен қатаң түрде:
Мені алтынмен және сыйлықтармен бостандыққа шығарып алуды ойламайақ қойыңдар. Сендерді бұл істен Құдай сақтай көрсін. Бірнеше күннен кейін мен өз ерлігімді аяқтаймын, маған бұны Құдай Ұлын туған Анамыз айтты. Ол айтқаны орындалды. Келесі күні оны қайта сотқа шақырып, өзінің дінінен тайғанын тайсалмай мойындамағаны үшін дарға асар өліміне жазалады. Өлім жазасы 1819 жылдың 2 маусымында, оның бірінші тұтқынынан кейін 40 күн өткеннен кейін орындалды.

«Киелінің ерлігін құптаушылардың жолын болдырмас үшін», – киелінің өмір баянында айтылғандай, – және Константиннің христиан дінін қабылдаған үлгісіне басқалардың ілескенінен сақтап, және тағы да мұсылмандықтан христиан дініне кіргеннің киелі тәні бар екеніне христиандардың мақтанышы болмас үшін, түріктер оның денесін ешкімге алуға рұқсат бермей, өздеріне алғашқы бірдіндес болған енді христиан Шіркеуінде ізет көрсететінін өздеріне (мұсылмандарға) ұят санап, оны жасырын түрде мұсылман қәбіріне жерледі.
Кавсокалив скитінен жіберілген, киелінің өмір баянының Кидониде одан кейін Стамбулда болған ерлігін жинағыш монах, оның қабірге салынған жерін таба алмады. Бырақ, ол шындық үшін қанын төккеннің өлім жазасына берілген кезінде болған кимінің бірнеше бөлігін сатып ала алды. Онымен ол Афонға оралды. Ол жерде кейіннен оның киміне жанасқан кездерде бірнеше рет таңғаларлық сауықтылықтар болды.


Киелі шындық үшін қаннын төккен Константин, бізге деген тілегіңді Құдай алдында айта гөр!


Перевод священника Елисея Кукеева

* Абд-эль-Маши. Не себептен мұсылманның христиан дінін қабыл алуы қиын? Контраль, 1984. Б. 17.

Добавить комментарий

Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев.


Защитный код
Обновить

   
   

Последние комментарии

Знакомство и общение православных христиан Республики Казахстан"

 

   
© spgk.kz © 2011-2012 Союз Православных Граждан Казахстана. Официальный сайт Общественного Объединения "Союз Православных Граждан" РК. При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна!. Мнение авторов не всегда совпадают, с мнением редакции сайта. Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев (подробнее...). Редактор сайта Константин Бялыницкий-Бируля. Адрес для писем в редакцию сайта E-mail:spgk@spgk.kz