О нас  

   

Подписка на почту  

  Свежие статьи на почту!

Впишите свой E-mail здесь! 

   

Страны  

 
   
 
 HotLog
   

   

Мы на Facebook  

   
   

Мы в Контакте  

   

Мы на Mail.ru  

   

Құдайменен мәңгі өмір (Православия дінінің нанымы мен тілектері жайында) Вечная жизнь с Богом (о вере и молитвах Православной Церкви)

Құдайменен мәңгі өмір (Православия дінінің нанымы мен тілектері жайында)

Бұл кітапта Православия дінінің нанымы жайында маңызды мағлұматтар келтіріліп, негізгі тілектер беріледі. Бұл кітап әлемдегі көршілес тұратын халықтардың бір-бірімен өзара түсінік табуына себепкер болатынына баспаберлер үміттенеді.

 


Часть 1. О вере православных христиан Символ христианской веры, составленный святым Афанасием

 

1-бөлім Православия христиан нанымы жайында
Әулие (Ұлы) Афанасий құраған христиан нанымының символы
1. Құтқалғылысы келген әркім, ең басымен дүниежүзілік христиан дінінде болуы тиіс.
2. Бұл нанымды тұтас және тазалықта ұстамаған мәңгі өлімге душар болады.
3. Жалпы нанымның маңызы, біз бір Құдайға Үшбірде және Бір Құдайдың Үшбіріне табынамыз.
4. Ипостастарды араластырмай және Құдай Мәнісін бөлмей.
5. Өйткені, бір Ипостас Құдай - Әке, екіншісі – Ұл, үшіншісі – Киелі Тын.
6. Бірақ, Құдай Әке, Ұл және Киелі Тынның Мәнісі бір (біртұтас), барлық Ипостастардың даңқы бір, құдіреті мәңгі.
7. Әке қандай болса, Ұлда сондай, Киелі Тында сондай.
8. Әке жаратылмаған, Ұл жаратылмаған, Киелі Тында жаратылмаған.
9. Әкенің мәнісі түпсіз, Ұлдың мәнісі түпсіз, Киелі Тынныңда мәнісі түпсіз.
10. Әке мәңгі, Ұл мәңгі, Киелі Тында мәңгі.
11. Олар бәрі үш мәңгі (Құдай) емес, бір мәңгі Құдай болып табылады.
12. Үш Жаратылмаған әлде, үш Мәнісі түпсіз емес, бір Жаратылмаған және бір Мәнісі түпсіз.
13. Сондықтан, Әке құдіретті, Ұл құдіреті, Киелі Тында құдіретті.
14. Үш құдіретті емес, бір құдіретті (Құдай) болып табылады.
15. Әке Құдай, Ұл Құдай, Киелі Тында Құдай.
16. Олар үш Құдай емес, бір Құдай болып табылады.
17. Тура солай Әке Құдай, Ұл Құдай және Киелі Тында Құдай.
18. Сондада үш Құдай емес, бір Құдай болып табылады.
19. Өйткені христиан ақиқаты бізді әр Ипостасты Құдай Ие деп мойындауымызды мақсат етеді, бірақ жалпы нанымымыз үш Құдай әлде үш Ие деп айтуымызға тиым салады.
20. Әке жаратылмаған және туылмаған болып табылады.
21. Ұл Әкеден болып табылады. Ол жаратылмаған, тек туылған.
22. Киелі Тын Әкеден (және Ұлдан) болып табылады. Ол жаратылмаған, туылмаған, тек Әкеден шығады.
23. Сонымен, үш Әке емес бір Әке, үш Ұл емес бір Ұл, Үш Киелі Тын емес бір Киелі Тын.
24. Бұл Үшбірде ешкім бірінші боп, әлде соңыншы болмай, ешкім үлкен әлде кіші болып табылмайды.
25. Үш Ипостас бірдей мәңгі, бір-бірімен тең болып табылады. Жоғарғыда айтқандай Бірдің Үшбіріне, Үшбірдің Біріне табынуымыз қажет.
26. Құтқарғылысы келген әркім Киелі Үшім жайында осылай пайымдауы қажет.
27. Мәңгі құтқарылуға ие болғысы келген, біздің Иеміз Иисус Христостың жер бетіне денеленіп келгеніне нақты сенімі болуы тиіс.
28. Өйткені, шын наным біздің Иеміз Иисус Христостың Құдай Ұлы, Құдай және Адам болып табылатынына сенеміз және (тәубе етеміз).
29.(Иисус Христос) Әке мәнісінен Құдай болып табылып, ғасырлар алдынан туған; Адам (болып), Өзінің Анасысың табиғатынан өз уақытында туған.
30. (Ол) Толықты Құдай және жан тәні бар толықты Адам болып табылады.
31. Құдайлығы мен Әкеге тең, ал Өзінің адам мәнісі жағынан Әкеге бағынышты болып келеді.
32. Ол Құдай және Адам болғанымен, екі емес бір Христос болып табылады.
33. Бір боп, адам мәнісі Құдайға айналып кеткеннен емес.
34. (Түгелдей) Бір боп мәністері араласып кеткеннен емес, Ипостастың бір болғандығынан.
35. Ақылға дарынды жаны мен тәнді (бір) адам боп саналғандай, Құдай мен Адам бір Христос.
36. (Ол) біздің құтқарылуымыз үшін азапқа барып, тозаққа түсіп, үшінші күні өлімнен тірілді.
37. Ол аспанға көтеріліп, Құдіретті Құдай Әкенің оң жағында отыр, тірілермен өлгендерді тағайындау үшін Ол (даңқыменен) қайта келеді.
38. Ол келген кезде бүкіл Адам баласы тәнімен тіріліп, өздерінің істеріне жауап беретін болады.
39. Жақсылық істегендер мәңгі өмірге кіреді, жамандық істегендер мәңгі отқа (жалынға) душар болады.
Бұл жүниежүзілік наным. Адал ниеті және нақты сенімі жоқ (адам) құтқарыла алмайды.

О том, что нужно делать православному христианину

Православия христиандарының міндеті

Бұл нанымды пайғамбарлар мен апостолдар уағыздады; шындық үшін азап шеккендер (өздерінің) қандарын төгіп куәландырды және жоғары руханилардың (дін қызметкерлерінің) жиналысы, және барлық Шіркеу әкелері мен ұстаздары жариалады. Бұл нанымды куәландыра тұрып, Православия Шіркеуінде барлық күнәлардан кешірім алу үшін шомылдырылып, Құдай Әкенің балалары болу үшін және жақсылық ісіне Киелі Тынның Күшін алып, Христостың Киелі Денесімен Киелі Қанын қабыл алу (әркімге) қажет. Бұл нанымды қабылдай тұра, Құдай өсиетерін орындауымызға тиістіміз, өйткені іс әрекетсіз сенім бекер.
Көне және ең маңызды өсиеттер екеу, олар: Құдай Иеңді бар жан тәніңмен сүй және жақыныңды өзіңді сүйгеніңдей сүй.
Құтқарушымыз Христос бізге осы екі өсиетті иландыра отырып, дұшпандарымызды сүйуге және бізді ренжітушілерге жақсылықпен қайтарып, әр жамандықтан шет тұруымызды бұйырды.
Жамандықтардың (басы) тамыры келесіде:
Тәкаппарлық
Оңай олжаға құмарлық
Зинақорлыққа түсу
Көре алмастық
Ұстамсыздық
Ашу
Жалқаулық
Егер сен аспан Патшалығының мұрагері болғың келсе, оларды рақымды (жақсы) істермен жеңе біл.
Тәкаппарлықты – кішіпейілдікпен
Оңай олжаға құмарлықты – мейірілімділікпен
Зинақорлықты (ерлі-зайыпты опасыздығын) – тазалықпен
Көре алмастықты – басқалардың қуанышына ортақ болуыңмен
Ұстамсыздықты – сабырлықпен, ұстамдылықпен
Жалқаулықты – (еңбекқорлықпен) тілекке және Құдайға қызмет етуге, және басқада рақымды істерге ынталықты болуыңмен.
Бұл (рақымды) істерді дұрыс орындау үшін, қашанда болсын Құдай Иемізден көмек сұрап, дін қызметкерлерінің алдында (күнәларымызды куәләндірә), жанымызды тазарта отырып, Құдай сөзін (қашанда болсын) оқуымыз керек.
Құдай Иеміз бұны оқыған әркімді Өз патшалығына әкелсін.

 

Об Иисусе Христе и истории человечества
(Из написанной святым Иоанном Дамаскиным повести о жизни Варлаама и
Иоасафа)

Иисус Христос және адам баласының тарихы жайында

Иоанн Дамаскин жазған Варлаам мен Иоасаф өмірі жайында повест

Егер сен менің Құдайым жайында білгің келсе, менің Құдай Ием Иисус Христос, Әкеден Біртуған Құдай Ұлы ең дәулетті, құдіретті, патшалардың Патшасы және иенушілердің Иесі. Ол жалғыз мәңгі (өлімсіз), Әкемен және Киелі Тынмен даңқталып, берікті жарықта өмір сүреді. Мен, көп жалған құдайларды мойындап, жансыз пұттарға табынушылардың біреуі боп табылмаймын. Мен үш ипостаста даңталған Әке, Ұл және Киелі Тында, бір Құдайға, бір Мәністі және бір даңқты, бір патшалықта, бір билік ететініне нанамын. Бұл үш ипостасты Құдай мәңгі, өзгермейтін, көрінбейтін, мәнісі түпсіз, ең игілікті Тын болып табылады. Көзге көрінетінмен көрінбейтінді еш нәрседен жаратқан. Әу баста Ол Өзінің ұлылылығының қызметкері боп табылатын санжетпес көзге көрінбейтін денесіз аспан періштелерін жаратты. Одан кейін Ол көзге көрінетін аспан, жер және суды жаратты. Бұл әлемді Ол жарықпен әшәкеледі; аспанды күнмен, аймен және жұлдыздармен; жерді әр-түрлі жан-жануарлармен және өсімдіктермен; суды әр-түрлі балықтармен толтырды. Бұның бәрін Ол Өзінің Сөзімен жаратты. Ол айтты, сонда болды. Ол бұйрық берді, сонда жасалды (Пс. 148, 5).
Одан кейін Ол жердің топырағын алып, одан дене жаратып, оған жан үрлеп кіргізді. Сөйтіп адам ақылмен дарынды жанға айналды. Киелі Кітапта жазылғандай, ол Құдайдың (образындай) және Құдай (подобиясындай) болып жаратылды. Образындай (келбетіндей), өзінің еркіндігімен, ал подобиясындай өзінің игіліктерімен. Бірінші адамға Ол еркіндік және мәңгі бақилық өмір беріп, оны жер бетіне патша етіп тағайындады. Оның қабырғанынан оның көмекшісі етіп әйелін жаратты. Шығыста, Эдемде қуаныш пен шаттықа толы жұмақ құрып, онда Өзі жаратқан адамды орналастырып, оған жұмақтағы бар затты қолдануына рұқсат берді. Тек жақсы мен жаманды білдіретін бір ағаштың жемісін жеуге тыйым салды: «бұл ағаштың жемісін жеген күні өлесің», – деп (Быт. 2,17).
Жаратқан Иеден тек жарық боп жартылған, періштелердің ішінде бір Періште, өз еркімен жақсылықтан жамандыққа басын бұрды. Ол ақылсыз тәкапарланып Құдай Иеге қарсы шықты, сол үшін періштелер қатарынан қуылып, өзінің қадір-қасиетінен айырылып, ізгі даңқы мен періштелік атының орнына ілбіс, сайтан, – деп аталды. Тәңір Ие оны, оның лайықсыздығына бола тұра мәңгі даңқтан бас тартқызды. Өзімен бірге ол, өзіне бағынған періштелердің көбісін бөліп алып кетті. Олар басшысының ізін басып, өзденінің еркіндігін жақсылыққа бағытағанның орнына, жамандыққа бағыштап, (олар), алдағыш, азғыртушы жын шайтандарға айналды. Ілбіс жақсылықтан мүлдем бас тартып, өзінің қызғанышын адам баласына бағыттады. Өзінің тауқіметінен айырылғанын көріп, енді адам баласын шаттық (дәулетті) өмірінен айырмақшы болды. Осы көздеген зұлымды мақсатымен ол жыланға кіріп, ол арқылы әйелді жеуге тыйым салған ағаштың жемісін жеуге көндіріп, бұл жемісті жегенде адам (баласы) құдайсынды болатынына сендірді. Әйел арқылы жылан Адамды да алдады.
Жеуге тыйым салған ағаштың жемісін жеп, алғашқы адам жұмақтағы дәулетінен айырылды. Мәңгі шапағатты өмірінен айырылып, енді ол қайғы-қатерге толы (осы) өмірге душар болып, ақырында өлімге жазаланды. Содан бері ілбіс жеңісіне мақтанып, адам баласының үстінен күш алып, адам баласы көбейгеннен кейін, адамдарды жамандыққа бағытады. Тәңір Ие жер бетінде көбейіп бара жаткан күнәні азайтқысы келіп, жер бетіне тірі жанды жойып жіберетін топан су жіберді. Бұл текте Тәңір Ие бір ғана тақуа адамды тірі қалдырды. Оны әйелімен және балаларымен ковчегте құтқарып, артынан оны бүкіл жер бетіне (әкеп) қойды.
Адам баласы көбейгеннен кейін Құдай Иесін қайта ұмытып, әр-түрлі күнәға азғындалып, құлданып жолдарынан адасты. Олар бар нәрсе өзінен өзі пайда болып өмір сүреді - деп, Жоғарғы Мәністіні жоқ деп сендірді; басқа біреулері бірбеткейлікке (фанатизм) ұшырады; басқа біреулері өзінің құмарлығына толы, (өздерінің) жаман істеріне көмек беретін құдайларға табынды. Жансыз ағаштардан олардың мүсінін жасап, оларды ғибатқаналарына қойып, оларға табынып, қызмет көрсетті (өздерінің қолдарынан жасаған мүсіндерге). Кейбіреулері, Құдай Ие жер бетіне қызмет көрсетіп жарық беруіне мақсат еткен жансыз, өмірсіз өз пиылының қалауымен пайда болмаған күнге, айға және жұлдыздарға табынды. Басқа біреулері отқа, суға және табиғат стихиаларына басын бүгіп, (адам баласы) ақылға дарынды жанды бола тұра, оларды (жансыз заттарды) құрметтеуге ұяттары келмеді. Кейбіреулері өздерін жануарлардан, бауырларымен жорғалаушылардан төмен санап, оларға табынды; басқалары мүсәпірлі адам баласын құдай қатарына теңеп, еркек пен әйелді құрмет тұты. Ол адмдардың өздері өз құдайларының зинақорлыққа, кісі өлтірушілікке, жамандыққа, көре алмаушылыққа, тонаушылыққа, әке және бауырларын өлтірушілікке, ұрышылыққа уландырушылыққа; олардың ақсақ болуын, жарымды (мүгедек) болуын, құтыратынын, өлімге тап болатынын, найзағай соқысынан зақыпталатынын, адамдардан құлдыққа ұшырайтынын, өлтірілетіндерін, жоқталатындарын және әр түрлі ұятты істерге душарлықтарын айтты.
Адамдар өз құдайларының істерінен үлгі алып, ақырында өздерін әр түрлі ұятсыз күнәлармен қорлады. Үрейлі қараңғылық сол кезде адам баласын иеленді. Шын Құдайды ешкім құрмет тұтпады, тіпті іздегісі де келмеді. Бұл ұрпақтың ішінде тек Авраам ғана дұрыс ойлы боп табылды. Табиғаттың сырын пайымдай отырып, ол (Шын) Жаратқан Иені танып білді. Аспанның, жердің, теңіздің, күннің, айдың және т. б. үндестігіне таңғала отырып, олардың пайда болуына себепекер болған жансыз, өмірсіз пұттар емес, (әлде жер бетінің стихиалары емес), бәрін жаратқан шын Құдайдың құдіреті мен даналығы екеніне көзі жетті. Құдай оған өзі келді. Өзінің бейнесімен емес, (өйткені Құдайдың бейнесін ешкім көре алмайды). Өзінің құдіретіне мүмкінді өмір құбылыстары мен Өз еркін білдірді. Өзін оған жеткізерліктей танытып, оның атын шығарып, Өзінің қызметкері етті. Оның (Авраамның) ұрпақтарын игілік жолына бағыттай отырып, Тәңір Ие оларды шындықты танып білуіне үйретті. Олардың санын көбейтіп, Өзінің таңдамалы халқы етіп жариалады.
Бұл халық (бір) жендет-Фараон билігі тұсында, египтяндықтарға құлдыққа түскен кезінде, Тәңір Ие оларды сәуегейлікке ілтипаттанған (әулиелі) Моисей мен Ааронның көмегімен аса ғажап нышан белгі құблыстармен Египет құлдығынан алып шықты. Олар арқылы Ол египтяндықтарды (олардың) мейірімсіздіктеріне сай жазалап, израил халқын (бұл халық Авраамның немересінің атынын осылай аталады) Черм теңізін ортасынан оң жағымен сол жағын екіге қабырғалап бөліп өткізді. Олардың артынан Фараон египтяндармен қуып барғанда, қайта өз орнына оралған топан су оларды жойып жіберді. Одан кейін Тәңір Ие Өз халқын 40 жыл бойы аса таңғажайып құбылыстармен құрғақ даладан өткізіп, оларды аспан асымен тәбеттендіріп, Моисейге Синай тауында тапсырған екі тас тақтайшаға жазылған өсиетін (заңын) берді. Пұтқа табынушылыққа және барлық жаман істерге тыйым салдырып, бір шын Құдайға сеніп (нанып), табынып, жақсы істерге үйреткен бұл өсиет, одан кейінгі өсиеттердің тірегінің үлгісі болып табылды. Израил халқының арасында таңғажайып құбылыстар іске асыра, Кұдай Ие Авраамға, оның ұрпағына берем деген уәдесін орындап, оларды ғажайып жерге әкелді. Құдай Иенің оларға жасаған көптеген ұлылы, таңғажайып, сиректі істерді айтуға болар еді, бірақ бұл ғажайып істердің мақсаты адам баласын заңсыз (өсиетсіз) істерден басын тарқызып, оны басты жоспарда болған бағытына оралтып әкелу еді. Бірақ осы күнге дейін күнә күші, шайтан еркінің илтипатымен олардың үстінен билік алып, өлім әмірленіп, бүкіл адам баласын тозаққа жазалады.
Осындай қорланышты жағдайға жеткенімізде, Жаратқан Иеміз бізден басын тартпады. Ол біздің түбірдей құруымызға жол бермеді. Құдай Әкенің еркі бойынша, (Әкеден) Біртуған Құдай Ұлы, Әкеден туған, Әкемен және Киелі Тынмен бір мәністі, Әке тәрізді мәңгі, құдіретті Өзінің құлдарына кеп түсті. Толықты Құдай бола тұра, Киелі Тыннан және Ең Таза Мария Қыздан денеленіп, толықты адам болды. Ең таза Қызға архангелдердің біреуі Оның (адам) ақылы жетпес жүктілікті болуын хабарлауға жіберілді. Адам ақылы жетпес жүктілік, Құдай Ұлының Ең таза Қызбен және Киелі Тыннан әкесіз құрсақталғанынан еді. Ең таза Қыздан тірі жанды ақылға дарынды Дене қабыл алып, Христос бізге Құдай және адам табиғатын қоса (араластырмай), Оны туған Ең таза Қыздың тазалығын сақтай тұра келді. Адам табиғатын толықтай қабылдап, күнәдан басқа, біздің дәрментімізбен сырқатымызды Өзіне алды. Дүниеге өлім күнә арқылы кіргендіктен, біздің күнәмізді Өтеуші күнәсіз болуы тиіс еді.
Адамдар арасында 30 жыл өмір сүріп, Ол Иордан өзенінде барлық пайғамбарлардан жоғары тұрған киелі кісі Иоаннан шомылдырылды. Иисус Христос Иеміздің шомылдырылу кезінде аспаннан Құдай Әкенің дауысы естілді: «Мен рақым еткен бұл Менің сүйікті Ұлым», - деп (Мф. 3, 17). Сол кезде Оған Киелі Тын көгершін тәрізді боп (үстінен) түсті. Христос таңғажайып істер істеді; өлгендерді тірілтті, соқырлардың көзін ашты, жын перілерді қуды, мақаулар мен кереңдерді жазды, алапес ауруларды тазартты. Барлық жерден біздің табиғатымызды бастапқы қалпына келтіре, Өз ісімен бізге шын игілікті жолды көрсетіп, опаттан сақтап, бізді мәңгі өмірге бағытады. Одан кейін Ол Өзіне 12 шәкірт таңдап, оларды Апостолдар деп атап, оларға Өзі жариалауға келген Аспан Патшалығын жариалауды тапсырды. Өз ісімен Құдай Ие түкке тұрмас (бізге), жер мекенділерін, Аспан Патшалығының азаматы болуына мүмкіндік берді.
Иудей дін қызметкерлері мен қауым одағалары Оны (Христосты) жек көріп, олар көрген Оның таңғажайып Құдай істеріне қызғанды. Олар Христостың істеген жақсылықтарын ұмытып, Оның бір шәкірті арқылы сатқындық жолмен Оны пұтқа табунышылардың сотына әкеп тапсырды. Олар Оны көп нәрселерге кінәлап, (Оны) крестегі өлімге жазалап, мақсатарына жетті. Құдай Ие бұның бәрін Өз еркімен көтерді, өйткені Ол біз үшін қианат шегіп, адам баласын қайғы қасіреттен құтқару үшін келген еді. Бұл қианатардың бәрін Құдай Ие (Өзінің) адам тәнісімен (денесімен) көтерді; бұнда Оның Құдай табиғаты қианат көрмеді, өйткені Ол екі табиғаттан тұрады: Құдай және Адам табиғатынан; адам табиғатын біз үшін қабыл алып, онымен Ол қианат шекті, ал Құдай табиғатымен қианат шекпеді және өлім көрмеді. Күнәсіз Иисус Христостың денесі айқыш ағашқа керіліп шегеленді; «бірақ Ол өлімге жатпады, өйткені Ол күнә жасамады, Оның сөзінде өтірік болмады» (Ис. 53, 9). Өйткені күнә арқылы өмірге өлім кіргенін мен жоғарыда айтқан болатынмын. Апостол Петр айтқандай, Ол бізді өлім иелігінен құтқару үшін, Өзінің тәнімен өлім көрді.
Тозаққа түсіп оның тас талқанын шығарып, ол жердегі көне ғасырлардан бері тұтқынға түскен (адам) жандарын босатты. Кабірге салынған, Ол үшінші күні өлімнен тірілді. Өлімді жеңіп, бізге өлімге жеңіс берді. Өз денесін мәңгі бүлінбейтінғып, Құтқарушы Өз шәкіртеріне келіп көрініп, оларға және олар арқылы бүкіл адам баласына бейбітшілік, береке берді. 40 күн өткеннен кейін Ол аспанға көтеріліп, Әкесінің оң жағына барып отырды. Ол тірілермен өлгендерді тағайындау үшін қайта келіп, әркімді істеген ісіне қарай баға береді. Өзінің даңқымен аспанға көтерілгеннен кейін Құдай Ие Өзінің шәкіртеріне Киелі Тынды от тілді бейнесінде жіберді, сол кезде олар бөтен тілде сөйледі. Киелі Тынның (сый сияпатын) алып, Апостолдар барлық халықтарға тарап, шын нанымды жариалап, оларды Әке, Ұл және Киелі Тын атынан шомылдырып (крестит етіп), Құтқарушының өсиетерін орындауды үйретті. Қараңғыда болған пұтқа табунышылар (Киелі) Тынмен жарық көрді (көздері ашылды); Апостол уағыздарының арқасында оларда ырымшылдық пен пұттарға құрмет көршетушілік жойылды. Шайтан жеңілісін көтере алмай әлі күнге дейін бізбен күресіп, ақмақтармен ақылсыздарды пұтқа табынуды сақтауды иландырды; бірақ оның күші әлсіз болып, оның қылышы Христостың күшінің алдында құлады. Осымен мен саған менің Құдай Ием және Құтқарушым жайында қысқаша түсінік бердім. Егер Оның ілімін бар жан тәніңмен қабыл алып, Оның қызметкері болам десең, (шомылдырылу арқылы болатын), онда толық мәлімет аласың.
(Әке Ұл және Киелі Тын атынан) Шомылдырылу берекелі сый сыйапаты, мінсіз христиан нанымының тамыры әлде нақты негізі боп табылып, адамдарды туылған күнәдан құтқара, адам баласының жарымсыз қылығынан пайда болатын жамандықтан сақтайды. Құдай Ие айтқандай біз Әке, Ұл және Киелі Тын атынан шомылдырыламыз. (Сонда), шомылдырылғанның жан-тәнінде оған жарық көрсетіп, оны құдай тәріздіғып және оны Құдай образы мен подобиясына қайта оралта әкелетін Киелі Тынның сый сыйапады мекендейді. Жанымызды өзіне тән, алдындағы жаман істердің салдарынан болған жамандықтан босатып, Құдайменен басқа жаңа өмірде өсиет құрып, бұл игілікті өміріміздің негізін табамыз. Осының арқасында өлімді жеңіп, мәңгі құтқарылудың ортақ мұрагері боламыз. Ал шомылдырылусыз ешкім, тақуалықтың тақуалығы болсада (құтқарылуға) үмітене алмайды. Өйткені біздің құтқарылуымыз үшін денеленіп келген Құдай Ұлы айтты: «Рас рас айтам саған: егер кімде кім судан және Киелі Тыннан тумаса, Құдай патшалығына кіре алмайды», – деп (Ин. 3, 5). Сонымен ең алдымен жан тәніңмен сеніп, игілікті ниетіңмен тура кәзір шомылдырылуға кел. Бұны еш бір жағдайда кейінге қалдырма, өйткені біздің өлетін күніміздің белгісіз уақытына байланысты кейін қалдыру қауіпті.
Мен айтқан ізгі ниет, аспан патшалығына деген ниет. Ол патшалықты адам тілімен айтып жеткізуге болмайды. Киелі Кітап былай дейді: Оны (адам) көзі көрмеген, (адам) құлағы естімеген және адам жүрегіне келмеген, Тәңір Иенің Оны сүйетіндерге дайындап қойғаны (1Кор 2, 9). Аспандағы дәулетке жетуге осы дөректі денемізді тастап тұрарлықтай болғанымызда, Құдай Ие (Өзі) біздің ниетіміздің орындалуына мүмкіндік берген, адам ойы жетпейтін бұл игіліктердің даңқы қандай екенін көрсетіп, адам тілімен айтып жеткізуге болмайтын жарықты және мәңгілікті періштелермен бірге өмірді көрсетеді.
Бұның бәрін, мен, осыны ілімдіретін Киелі Жазбалардан жиып алдым. Бәріненде аспан патшалығын жоғары қоямын. Ол жерде мен өмір беруші Киелі Үшімге жақын болып, тазарып, берікті жарықтың нұрына батып, барлық жарқын сәнімен Оның адам тілімен айтып жеткізуге болмайтын даңқын көремін. Одан аса ғажайып жоқ. Сол даңқты, сол жарықты және сол дәулетті адам тілімен айтып жеткізу мүмкін емес, өйткені егер олар дөректі бүлінетін денесі бар жер тұрғындарының ақылына түсінікті боп, тілімізбен айтып жеткізетін болсақ, онда олар таңғажайып (ғажап) болмас еді.
Құдай Иеміз жайында біз (Киелі) Ізгі Хабардан білеміз. Киелі Жазбаның мәңгі өмір жайында, күнәлардың кешірілуі жайында және аспан патшалығы жайында хабарлайтын бөлімі солай аталады. Оны (Ізгі Хабарды) мен жоғарғыда айтқанымдай біздің Құтқарушымыз Христос Өзіне таңдап алған Апостолдар, Құдай Сөзінің куәлары мен қызметкерлері болғандар жазды. Олар бізге Құдай Иенің аспанға даңқымен көтерілгенінен кейін, Оның жердегі өмірін, Оның өсиетері мен таңғажайып істерін жазбаша түрде, оны қаншалықты жазбаша түрде беруге болғанынша беріп кетті.
Киелі Тынмен жазылған (киелі) Ізгі Хабарда Христостың денеленіп жерге келгені жайында, өсиетері, таңғажайып істері жайында айтылады. Даңқты қианат қасіретін, Құдай Ие Өзін осыған біз үшін әкелгенін, өлімі жайында, үш күннен кейін қайта тірілгені жайында, аспанға көтерілуі жайында, одан басқа, Оның болашақта (үрейлі) даңқымен келуі жайында айтылады.
Өйткені көп жылдардан кейін біздің Құдаймыз Хритос Өзінің үрейлі (қорқынышты) адам тілімен айтып жеткізуге болмайтын даңқымен дүнені тағайындау үшін (қайтып) келеді, сол кезде аспан күштері (Оны көріп) үрейлі қорқынышқа келіп, барлық Періштелер легиондары (жиыны) қалшылды күйде Оның алдына келеді. Сол кезде Архангелдің дабылынан және Тәңірдің мұржасының дауысынан кейін, өлгендердің бәрі қайта тіріліп, Оның қаһарлы тағының алдына келіп тұратын болады. Қайта тірілу дегеніміз жан мен тәннің қайта қосылуы. Жойылып, үгіліп кеткен дене (бұрынғы) лауазымды зақымсыз қалпына келеді; бұл саған ақылға сыймайтын болып көрінбесін. Алдында жерден жаратылған, одан қайта жерге оралған дене, одан (жерден) пайда болған, Жаратқан Иенің бұйрығымен (қайта) зақымсыз лауазымды қалпына келеді. Бұнша тірі жандылардың әр түрлігі қайдан? Бәрі затты еш нәрседен жаратқан, әзір де (істеушіге), жерде қайтыс болып, іріп-шіріген денелерді, әркім өзінің ісіне лайықты тағайындалу үшін, қайтып өзінің орнына келтіру мүмкінді.
Осы жердегі өміріміз – іс әрекет өмірі, болашақтағы өмір – сіңірген еңбегіне лайықты баға беретін өмір, Құдай Иенің әділеттігі болып табылады. Осы жерде көп қиыншылықтар көріп, қианаты жоқтар зорлықпен өлтірілді. Ал құдайсыздар мен заңсыздар жердегі өмірін береке рахатта өткізді. Бірақ Тәңір Ие игілікті, әділеті бола тұра, өлімнен тірілетін күнді тағайындады, сол кезде әр жан өзінің денесімен қосылып, істеген ісіне лайықты бағаланады.
Өзінің берекелігімен рахаттанған күнәһарлар, ол жерде өздерінің күнәлі істеріне жауап тартады; қианаты жоқтар осы жерде тиісті жазасын тартып, ол жерде мәңгі игіліктің орасан мұрагері болады, «өйткені қәбірдегілердің бәрі Құдай Ұлының даусын естіп, жақсылық істегендер өлімнен тіріліп өмірге шығуына, ал жамандық істегендер – айыпталу үшін шығуына уақыт келді» (Ин. 5, 28-29). (Сол кезде), Жаратушымыз тағына отырған кезінде, біздің істеген ісіміз, сөйлеген сөзіміз, қалауымыз, әуел түбір ойымыз жазылған кітаптар ашылады.
Сол кезде тура сотты ешнәрсе қайтара алмайды: шебер қорғаушы да, сендірерлік сөздер де, жазасын өтірік ақтаушылық та, байлық та, атақтылық та, сыйлықтар да. Қианатқа бармайтын, әділетті Тағайындаушы әркімді оның істеген ісіне, сөйлеген сөзіне, ойлаған ойына сай тағайындайды. Сонда жақсылық істегендер (өз істерімен) ақталып, мәңгі өмірге ие болып, адам тілімен айтып жеткізуге болмайтын жарықта, Періштелермен бірге қуанышқа шомылып, адам құлағы естімеген және көз жеткіссіз игіліктерге ләззатана, Киелі Үшімді көретін болады. Жамандық істеген қылмыстылар мен күнәһарлар мәңгі қианатқа баратын болады. (Онда) отты пеш, қорқынышты қараңғылық, үздіксіз қырнаушы құрттар, тістердің шақырлауы тағыда басқа көптеген жазалар болады. Ең ауыр жаза Құдай Иеден жат болу, Оның жүзінен қайырылу, Оның даңқын көруден жүзбе-жүз айырылып, әркімнің істеген қылмысын көзге көрсетіп қойылған масқаралық.
Өйткені бұл Қорқынышты Соттан (Тағайындалудан) кейін, бұның бәрі тұрақты, өзгеріссіз болып қалады: қианатсыздардың мәңгі дәутетті өмірі және күнәхарлардың ауыр мүшкіл халі. Одан кейін, (одан) басқа жоғары тағайындаушы, басқа тағайындалу болмайды. Сол уақыта кінәліларға өз істеріне лайықты жазадан құтылуға еш мүмкіндік болмайды.
Егер бұның бәрі осылай болатын болса, жазадан құтқарылып, Құдай Ұлының оң жағына тұруымыз үшін, біз өзімізді қалай бағытауымыз керек? Өйткені ол жерде қианатсыздар ғана болады. Күнәхарларға сәтсіздік орын күтіледі – Құдай Ұлының сол жағына. Одан кейін Тәңіріміз қианатсыз Әкеден бата алғандарды мәңгі патшалыққа кіргізеді. Күнәһарларды Өзінің момынды жүзінен түсіріп аса ауыр мәңгі жазаға жібереді.

 

Часть 2. Молитвы к Богу православных христиан Молитвы Утренние

2 бөлім
Православия христандарының Құдайға (айтатын) тілектері

Әкенің Ұлдың және Киелі Тынның атынан. Аминь.

Молитва мытаря
Салықшының (күнәлінің) тілегі
Құдайым мейірімді бола гөр маған.
(Тәжім)
Молитва предначинательная

Бастапқы тілек
Ием Иисус Христос Құдай Ұлы Сенің Анаңның және киелілердің тілегтерімен бізді жарылқай гөр. Аминь.

Даңқ Саған Құдайымыз біздің, Даңқ Саған.

Молитва Святому Духу
Киелі Тынға тілек
Патшасы Аспанның, Жұбатушы, Шындық Тыны, әр жерде бар және баршаны Толтырушы, ізгілердің Асылы және өмір Беруші, келіп жүрегімізге орналас, әр түрлі жамандықтан бізді тазарт және құтқар, Ізгі Құдайымыз, жандарырымызды біздің.

Трисвятое
Үшқасиетті
Киелі Құдай, Киелі Күшті, Киелі Өлімсіз бізді жарылқа (үш рет оқылады)

Құдай (ым) жарылқа (үш рет оқылады)

(Более буквальный перевод)
Молитва Господня
Құдай Иеміздің тілегі
Аспандаға Әкеміз! Сенің атың даңқтала берсін; Сенің Патшалығың келсін; Сенің еркің жер бетінде аспандағындай орнасын. Күнделікті нанымызды бізге әрдайым бере гөр және бізге қарыздар болғандарды кешіргеніміздей, біздіңде күнәларымызды кешіре гөр; азғыруымызға жол бермей, азғыртушыдан (әзәзілдан) сақтай гөр.

Құдай (ым) жарылқа
(12 рет оқылады)

Символ Веры
Сенім символы
Нанамын: Біртұтас Дүние ұстайтұғын Жалғыз Құдай Әкеге, аспан мен жерді, көзге көрінетін және көрінбейтінді Жаратушыға; және Біртұтас Ие Иисус Христос Құдай Ұлына, (Әкеден) Біртуған, барлық ғасырдан ілгері Әкеден туған; Жарықтан Жарық, шын Құдайдан шын Құдай, туылған, жаратылмаған, Әкемен бір мәністі, барлық нәрсе Ол арқылы пайда болған. Біздер адамдар үшін, біздің құтқарылуымыз үшін аспаннан келген, Киелі Тыннан және Мәриам Қыздан денеленіп адам болған. Біздер үшін Понтий Пилат уақытында Айқыш ағашқа керіліп шегеленіп, азапқа берілген, кәбірге салынған, үшінші күні Киелі жазбаларда (пайғамбарлар арқылы) айтылғандай тіріліп тұрған. Аспанға көтеріліп (Құдай) Әкенің оң жағында отыр. Тірілермен өлгендерді тағайындау үшін даңқымен қайта келетұғын, Оның Патшалығы шексіз болады; және Өмір беруші Киелі Тын Құдайға, Әкеден шығатұғын, Әке және Ұлмен бірге табындасатұғын және бірге даңқталатын, пайғамбарларды сөйлеткен. Жалғыз Киелі Әлембіріктіретін және Апостолдық Шіркеуге; күнәнарды кешіру үшін бір шомылдыруды куәландырамын, өлгендердің тағайындау күнінде тіріліп тұратынын және ол дүниедегі өмірді үміттенемін (күтемін). Аминь.

 
Автор священник Кукеев Елисей.

Добавить комментарий

Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев.


Защитный код
Обновить

   
   

Последние комментарии

Знакомство и общение православных христиан Республики Казахстан"

 

   
© spgk.kz © 2011-2012 Союз Православных Граждан Казахстана. Официальный сайт Общественного Объединения "Союз Православных Граждан" РК. При использовании материалов сайта гиперссылка на сайт обязательна!. Мнение авторов не всегда совпадают, с мнением редакции сайта. Редакция сайта не несет ответственности за содержание авторских материалов и комментариев (подробнее...). Редактор сайта Константин Бялыницкий-Бируля. Адрес для писем в редакцию сайта E-mail:spgk@spgk.kz